25 қар, 2025 сағат 16:46

Астанада жоғалған оқушы қыз өзеннен өлі күйінде табылды

Фото: ашық дереккөз

Астанада 24 қарашада із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы мектеп оқушысы бірнеше сағатқа созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде өзеннен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, қыз бала 24 қараша күні шамамен 18:30-да үйден шығып кеткен және көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Сағат 21:00-де ата-анасы полицияға хабарласып, қыздарының жоғалғанын мәлімдеген.

«Іздеуге департаменттің бүкіл жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылды», – деді полиция өкілдері.


Тәртіп сақшылары мен қала тұрғындары бірнеше сағат бойы қызды іздеді. Өкінішке қарай, оны аман-есен табу мүмкін болмады. Оқушының жансыз денесі өзеннен табылған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.