03 қыр, 2024 сағат 13:06

Астанада Ұлттық жасанды интеллект орталығы ашылады

Фото: pexels.com

Цифрлық технологияларды дамыту аясында Астанада Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ukimet Telegram-арнасы хабарлады.

Сонымен қатар мамандар оны мазмұнды толтыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл ретте экономиканың барлық салалары мен "электронды үкімет" үшін жасанды интеллект саласында өнімдер әзірлеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2 қыркүйектегі жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Электронды үкімет" платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет екенін айтқан еді. 

"Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Парламент депутаттарын осы жұмысқа атсалысуға шақырамын", - деген еді президент.