Елорда аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қалалық ІІД экстремизммен күрес басқармасының қызметкерлері тіркеуі жоқ 4 намазхананы, экстремистік мазмұны бар материалдарды сақтау дерегін және заңсыз емдеумен айналысу дерегін анықтады.
Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, алдын алу шаралары барысында елорда аумағында уәкілетті органдарда заңсыз миссионерлік қызмет атқарып жүрген шетел азаматын анықталды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды Қазақстан Республикасы аумағынан депортациялау мәселесі сот тәртібінде қаралып жатыр.