09 ақп, 2026 сағат 15:59

Астанада Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті


Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазағым-ай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. 

 Іс-шарада ақынның өлеңмен өрілген отты жырлары, әуезді әуен мен жанды орындау көрерменге естен кетпес естелік сыйлады. Концерттік бағдарламада халық сүйіп тыңдайтын әндер ұсынылды. Атап айтқанда, «Айтатын саған сырым бұл», «Аягөз ару», «Жапырақ жүрек жас қайың», «Сәби болғым келеді», «Мен деп ойла», «Есіңе мені алғайсың», «Туған өлке», «Отан», «Саржайлау» және т.б. 


Іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құрмаш Махан, Толғанбай Сембаев, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ерлан Рысқали, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Алтыншаш Мұқатаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әділхан Макин, Күнсұлу Түрікпен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Перизат Тұрарова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Әлихан Дүйсенбай, Талғат Аллаберинов, Жасұлан Наурызбайұлы, Жаслан Кәрім, Нұрай Мықты, Нұрсезім Саматқызы, Біржан Айтахмет, Диана Алтайқызы, Айдос Саниязбек, Дәрия Бекпенбет, Ақбөпе Әлібекова, Жасұлан Көпберген, сондай-ақ, «Astana Musical» мемлекеттік театры, «Astana sazy» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «SAZ&SOUL» тобы және «Gulder» ансамблінің балеті өнер көрсетті.
Аталған кешке ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев пен келіні Бақыткүл Мақатаева арнайы қонақ ретінде қатысты.

Фотолар: Қазақконцерттің баспасөз қызметінен