09 там, 2018 сағат 19:04

Астанада ломбард тоналды

Астаналық полицейлер қаладағы ломбардтардың біріне шабуылдады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға жазған шағымында қала тұрғыны ломбардқа шабуылдаған белгісіз тұлғалар 2 млн теңге мөлшерінде ақша және жалпы құны 1,5 миллион теңге болатын бірнеше ұялы телефонды қолды еткенін жеткізді.

Тәртіп сақшылары іс бойынша екі күдіктіні ұстады. Оның бірі - қала тұрғыны, екіншісі - Қостанай облысының тумасы болып шықты.

«Тергеу кезінде күдіктілер айыбын мойындады. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды. Олардың қала аумағындағы осы тақылеттес басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.