29 қар, 2017 сағат 11:44

Астанада «Лазурный квартал» ТК өртенді. Балалар жалын ортасында қалды

Астанада «Лазурный квартал» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Пәтер ішінде балалар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«Бүгін, сағат 10:41-де Сарайшық көшесіндегі 14 пәтерлі «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінің 10-қабатынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Пәтердің жатын бөлмесінде киім-кешек өртенген», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, жалынның таралуы жарты сағатта тоқтатылып, тағы 6 минуттан кейін ол толығымен сөндірілді. Осының арқасында пәтерде болған екі бала құтқарылды.

Өрт аумағы 18 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға елордалық өрт сөндіру қызметінің 16 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. 

Зардап шеккендер жоқ.