03 қаз, 2024 сағат 16:37

Астанада Күләш Байсейітова бейнеленген мурал пайда болды


Фото: Астана әкімдігі

Астанада Сарыарқа ауданындағы Конституция көшесі, 25 мекенжайында қазақтың көрнекті опера әншісі және халық әртісі Күләш Байсейітоваға арналған жаңа мурал пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Астана әкімдігінің мәліметінше бұл өнер туындысы өзінің ауқымы (15 метрлік) және терең символизмімен ерекшеленеді. Мурал әншінің опера және ұлттық музыка өнеріне қосқан үлесін бейнелеп, оның шығармашылығының жан-жақтылығын көрсетеді. 

Суретші Адай Исажанов пуантилизм техникасын қолданып, суретті көптеген нүктелер арқылы орындаған. Осы заманауи тәсіл арқылы ол Күләш Байсейітованың бейнесін қайта жасап шығарды.