Фото: Zakon.kz
Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың символына айналған "Мәңгілік достық аллеясының" салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Жаңа мәдени нысан екі елдің көпжылдық ынтымақтастығы мен өзара құрметін бейнелейді. Аллея Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы достық қарым-қатынастың көрінісі ретінде қабылдануда.
Ашылу рәсімінен кейін "Мәдени диалог: Қазақстан – Ресей" атты дөңгелек үстел өтті. Театр, кино, кітапхана ісі, музейлер мен мәдени білім беру салаларына қатысты жобалар талқыланды.
Кеш "Астана Опера" театрында екі елдің танымал өнерпаздары қатысқан концертпен аяқталды. Кеште қазақстандық және ресейлік жұлдыздар өнер көрсетіп, көрермендерді тәнті етті.