29 мам, 2025 сағат 11:06

Астанада қазақ-француз мектебінің құрылысы басталды

Фото: ҚР ОАМ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макрон арасында қол жеткізілген уағдаластық бойынша елордада қазақ-француз мектебінің капсуласы қаланды, деп хабарлайды Ult.kz.

Интернаты бар мектеп 800 орынға есептелген және қазақстандық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестендірілген. Аталған мектепте барлық өңірлердің балалары білім алады. 

Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі негізгі білім беру ұйымдарының біріне айналатын болашақ мектеп 2026 жылдың 1 қыркүйегінде өз есігін ашады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Алматы қаласында қазақ-француз мектебі ашылады.