09 шіл, 2024 сағат 11:09

Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді


Астанада 13 қыркүйекте Димаш Құдайберген жеке концерт өткізеді. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында айтты, деп хабарлады "Ұлт Ақпарат".

Димаштың кеші 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылады.

Дүние жүзінің 100 ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтіледі. Осы әдемі мереке аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен , «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі, – деп жазылған жазбада.