16 қаз, 2024 сағат 15:13

Астанада «Ағалар ерлігі – ұрпаққа ұлағат!» әскери-патриоттық акциясы өтуде

Фото: Астана әкімдігі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жуырдағы жолдауында әскери қызметтің қауіпсіздігін негізгі міндеттердің бірі деп атады. 

Жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің оң беделін одан әрі көтеру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Ағалар ерлігі – ұрпаққа ұлағат!» акциясы басталды.

Іс шара Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сонымен қатар жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің имиджін одан әрі арттыру мақсатында өтіп жатыр. 

Әскери-патриоттық акцияға 1000 оқушы мен студенттер қатысуда. Сондай-ақ, акцияда әскери техника мен қару-жарақ түрлері, киім үлгілері көрмесі, концерттік бағдарламалар бар.

Жастарды әскери қызмет түрлері және салаларымен, әскерге шақырылғандардың қызметімен таныстыру мақсатында дәстүрлі түрде төмендегідей жұмыстар ұйымдастырылған:

  • 1) Әскери техника мен қару-жарақ көрмесі, әскери киім үлгілері;
  • 2) ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің концерттік бағдарламасы;
  • 3) Әскери қызметтің келешегі туралы бейнероликтер көрсету;
  • 4) Жоғары оқу орындарына түсу құқығын алған мерзімді әскери қызметшілерге куәліктерді тапсыру