Елорда тұрғыны 25-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
8 желтоқсан сағат 10:53-те 102 арнасына Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Тексеру барысында аталған дерек расталып, полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. Ол 25-ші қабаттан құлаған елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шықты.
ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.