24 ақп, 2026 сағат 11:58

Астана мен Шымкент әуежайларында рейстер кестесі өзгереді

Фото: ашық дереккөз

«SCAT Airlines» әуе компаниясы SCAT Airlines Астана және Шымкент әуежайларында жоспарланған жөндеу жұмыстарына байланысты күндізгі рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Компанияның хабарлауынша, Астана әуежайында жөндеу жұмыстары 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшу-қону жолағы уақытша жабылады. Осыған байланысты күндізгі рейстердің ұшу және қону уақыты өзгеруі мүмкін.

Ал Шымкент әуежайында жөндеу жұмыстары 28-30 сәуір күндеріне жоспарланған. Аталған уақытта, яғни сағат 12:00-ден 18:30-ға дейін рейстер қозғалысына шектеу енгізіледі.

Әуе компаниясы жолаушыларға рейс мәртебесін алдын ала нақтылап, сапар жоспарын енгізілген өзгерістерді ескере отырып құруды ұсынады.