Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Күздің салқын лебі мен алтын жапырақтарының сыбдырына ілесіп, қараша айы еліміздің мәдени кеңістігіне ерекше серпін әкелді. Қарашаның алғашқы аптасында Астана мен Алматыда түрлі мәдени және өнер іс-шаралары өтеді. Музыка, кино, театр мен заманауи өнерге қызығушылар үшін бұл апта ерекше әсерге толы болмақ. Осы орайда Ult.kz демалыс күндері алдағы аптада өтетін басты мәдени шаралардың тізбегін ұсынады.
Астана: өнер мен кино апталығы
Қарашаның алғашқы күндері елорда тұрғындары мен қонақтарын өнер мен шабытқа толы шаралар күтіп тұр. XII Халықаралық өнер фестивалі мен «ВОСТОРГ» музыка және би байқауы бастау алса, VIII «Висла» поляк фильмдерінің фестивалінде заманауи және классикалық кинолар тегін көрсетіледі. Мәдени кештерді ұнататындар үшін Astana Opera сахнасында «Травиата» операсы қойылса, М.Горький атындағы орыс драма театрында «Женитьба» комедиясы ұсынылады. Музыка сүйер қауым Орталық концерт залындағы Алсу концерті мен «Әсерлі ән сал, Домбыра!» кешіне қатыса алады. Жалпы шаралардың тізімі төмендегідей:
1 қараша – XII Халықаралық өнер фестивалі
Өтетін орны: Оқушылар сарайы, Б.Момышұлы 5.
Астанада бір күнге жалғасатын халықаралық фестивальде көркем өнер, музыка, театр мен хореография бағыттары ұсынылады.
1–4 қараша – «ВОСТОРГ» халықаралық музыка және би фестивалі
Өтетін орны: «Жаңа оқушылар сарайы».
Жастар мен балаларға арналған байқау-фестивальде вокал, хор, би, театр және бейнелеу өнері номинациялары өтеді.
2–5 қараша – «Висла» поляк фильмдері фестивалі
Өтетін орны: Eurasia Cinema 7 (Петрова, 24).
Фестиваль бағдарламасында заманауи және классикалық поляк фильмдері мен шығармашылық кездесулер бар. Кіру – тегін.
1 қараша – Алсу концерті
Өтетін орны: Орталық концерт залы «Қазақстан».
Танымал ресейлік әнші үлкен жеке концертін ұсынады. Билеттер саны шектеулі.
2 қараша – «Травиата» операсы, Astana Opera
Қонақтар үшін классикалық кеш: Вердидің атақты туындысы Astana Opera сахнасында орындалады.
2 қараша – «Женитьба» спектаклі, Классикалық комедияны тамашалағысы келетіндер үшін жақсы мүмкіндік.
Өтетін орны: М.Горький атындағы театр, Желтоксан көшесі, 13
26 қыркүйек – 9 қараша – LM Kulanshi Art көрмесі,
Өтетін орны: Қасым Аманжолов, 22а
Заманауи өнер мен инсталляцияларға арналған көрме.
3–4 қараша – Stand-up кештері, Carlin Stand Up Bar
Кешкі көңіл көтеруге арналған комедия форматындағы шоулар.
4 қараша – «Әсерлі ән сал, Домбыра!» концерті
Өтетін орны: Филармония концерт залы
Қазақ музыкасының әуені мен домбыра үніне арналған мерекелік концерт.
5–7 қараша – Airport Expo 2025 көрмесі.
Аэропорт инфрақұрылымы мен технология саласындағы кәсіби көрме.
Өтетін орны: EXPO халықаралық көрме орталығы.
Алматы: музыка мен театр апталығы
Қарашаның алғашқы аптасында Алматыда түрлі концерттер, спектакльдер мен көрмелер көрермендерді күтеді. Мәселен, Almaty Arena сахнасында танымал әнші Zivert тыңдармандарымен кездессе, түнгі уақытта Asylum Club-та Halloween кеші өтеді. Сонымен қатар Алсу Алматыда да өзінің жеке концертін береді, ал OTTA Show музыкалық-инструменталды қойылымы ерекше дыбыстық әсер сыйлайды. Демалыс күндері мен алдағы аптаға арналған жалпы мәдени шаралардың тізімі төмендегідей:
1 қараша – Zivert концерті
Өтетін орны: Almaty Arena
Эстрада жұлдызының жаңа бағдарламасы.
Halloween «Движ Шабаш» кеші
Өтетін орны: Asylum Club
Костюм кештері мен би марафондары.
2 қараша – Алсу концерті
Өтетін орны: Республика сарайы
OTTA Show
Өтетін орны: «Конкордия» студентік театр
Инструменталды музыкалық шоу.
1–2 қараша – «Хэллоуин для детей» спектаклі
Өтетін орны: Ермашова театры
Балаларға арналған мерекелік қойылым.
3 қараша – Classic Night симфониялық концерті
Өтет ін: Abay Opera Hall
5 қараша – «Қыз Жібек» операсы
Өтетін орны: Абай театры,Қалдаяқов көшесі, 110
4 қараша – Чайка» спектаклі,
Өтетін орны: Лермонтов театры,18:00
7 қараша – A’STUDIO концерті,
Өтертін орны: Республика Сарайы,16:00 және 20:00
Қазақстандық поп-топтың жаңа бағдарламасы.
3–7 қараша – «Modern Kazakhstan Artists» көрмесі
Өтетін орны: Almaty Museum of Arts, Әл-Фараби,28
Қазіргі заман қазақстандық суретшілерінің топтық көрмесі.
3–7 қараша – «Ұлы дала бояулары», Қастеев музейі
Өтетін орны: Қазақ бейнелеу өнерінің дәстүрлі мектебі.
Елорда мен оңтүстік астананың бір аптадағы мәдени өмірі қазіргі Қазақстанның мәдени пульсін анық көрсетеді. Бір жағынан, бұл дәстүр мен заманауилықтың қатар өмір сүруі: домбыра үні мен stand-up сахнасы, классикалық опера мен заманауи көрме, шетелдік кино мен қазақи өнердің үндестігі.
