Астана мемлекеттік қызмет хабының тәжірибесі Тиімді институттар платформасының (EIP) VII жыл сайынғы кездесуінде ұсынылды.
EIP жыл сайынғы кездесуі "Алынған сабақтар: P2P өзара іс-қимыл" есебінің презентациясына арналды, онда халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Астана хабының "тең теңімен" (P2P) қағидаты бойынша оқытуды ілгерілету жөніндегі тәжірибесі көрініс тапты. Сондай-ақ, қатысушылар институционалдық өзгерістер үшін P2P оқытуды (MEL) бақылау мен бағалаудың тиімді тәсілдерін талқылады.
Іс-шара барысында EIP хатшылығы (ЭЫДҰ штаб-пәтерінде орналасқан) платформаның соңғы жылдағы жетістіктерін көрсетті және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Сонымен қатар, EIP мүшелері мен серіктестері "тең-теңімен" (P2P) қағидаты бойынша оқытуды ілгерілету тәжірибесімен бөлісіп, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылады.
Астана хабының өкілі модератор болған сессиялардың бірі "Алынған сабақтар"есебін әзірлеу кезінде жасалған бақылаулар мен ескертпелер негізінде анықталған MEL құралдарын сынақтан өткізудің тиімді тәсілдері мен қағидаттарын таныстыруға және талқылауға арналды.
Есеп EIP консультативтік тобының мүшелері ұсынған P2P оқыту бойынша озық практикаларға, идеяларға және алынған сабақтарға шолу жасайды, олардың ішінде Астана Мемлекеттік қызмет хабы (ACSH); Жергілікті өзін-өзі басқару бастамалары мен желілері (lOGIN), Үндістан; бюджеттік реформалардың бірлескен африкалық бастамасы (CABRI), Оңтүстік Африка; Ұлыбританияның үкіметтік әріптестіктерінің халықаралық ұйымы (GPI) және экономикалық басқару орталығы (CEG), Кения.
MEL құралдары және "Алынған сабақтар" есебі P2P оқытудың тиімді тәсілдерін анықтауға, сондай-ақ институционалдық және ауқымды өзгерістер енгізу мақсатында оқытуды бақылау мен бағалауға негіз болады.
Алынған сабақтар туралы есеп EIP веб-сайтында қол жетімді: Learning_Lessons_from_P2P_Engagements.pdf (effectiveinstitutions.org)
Айта кетейік, Тиімді институттар платформасы (EIP) – 60-тан астам ел мен ұйымды қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік секторды басқару және институционалдық реформалар саласында "тең-теңімен" қағидаты бойынша білім мен тәжірибе алмасу бойынша елдер арасындағы диалогты қолдайтын Альянс. EIP-ті ЭЫДҰ штаб-пәтерінде орналасқан (Париж, Франция) Хатшылық қолдайды және оның құрамына ЭЫДҰ даму мәселелеріндегі ынтымақтастық жөніндегі директоратының өкілдері кіреді.
Астана мемлекеттік қызмет хабы 2015 жылдан бастап EIP мүшесі болып табылады және "тең және тең"қағидаты бойынша оқыту" EIP әдіснамасын белсенді қолданады. Хаб мемлекеттік қызметтерді көрсету, электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік басқарудағы трансформация және инновация саласындағы тәжірибешілердің үш альянсын іске қосты. Альянстар құрамына Хабқа қатысушы 9 ел (Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Эстония) және үш халықаралық ұйым (AAPA, OECD, OGC) кіреді.
Хаб екі рет EIP консультативтік тобының мүшесі болып сайланды (2017-2018 және 2019-2020 жж.). Топ мүшелері EIP тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін EIP тең төрағалары мен хатшылығына стратегиялық және мазмұнды бағыттар бойынша ұсынымдар береді.