08 жел, 2025 сағат 12:29

Астана мектептерінде тұмауға байланысты шектеулер енгізілді

Фото: Pexels.com

Астанада оқушылар арасында тұмаудың таралуына байланысты сақтық шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Қаулыға сәйкес, сыныптағы балалардың 30%-ы ауырып қалса, оқыту қашықтан форматқа ауыстырылады.

Мектептерде балалардың жағдайы күн сайын тексеріліп, тұмау белгілері байқалғандар үйлеріне жіберіледі. Сондай-ақ мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыруға уақытша тыйым салынды.

Шектеулер эпиджағдай тұрақталғанға дейін жалғасады.