06 шіл, 2025 сағат 14:31

Астана халқының саны 1,5 млн адамға жетті


Фото: express-k.kz


Елорда күні қарсаңында Қазақстанның бас қаласы – Астана туралы қызықты статистикалық мәліметтер жарияланды, деп хабарлайдыы Ұлттық статистика бюросы.


2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының халқы 1 566 566 адамға жетті. Қалада әйелдер саны ерлерден көп: 823 766 әйел және 742 800 ер адам тіркелген.


2025 жылдың бірінші тоқсанында елордада 6 025 сәби дүниеге келді, ал осы кезеңде 1 914 неке ресми түрде тіркелді.


Астанадағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 78,52 жасты құрайды.


Қалада қазіргі таңда 14 жоғары оқу орны, 10 театр және 7 мұражай жұмыс істейді.


2025 жылғы 1 маусымдағы мәліметке сәйкес, елордада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 295 179 бірлікті құрады.


Сондай-ақ, Қазақстанда ресми түрде Астана есімін иеленген 24 адам бар екені белгілі болды.