ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы онлан режимде өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Балалар құқығын қорғау – ең маңызды мәселенің бірі. Видеокамера бойынша мектеп болсын, балабақша болсын өте жақсы динамика бар. Бұл тұрғыда өте белсенді жұмыс жүргізген аймақтарға алғыс айтамын. Барды бар деп айтуымыз керек. Мектеп сыртындағы әжетханалар жайында да солай деуге болады. Біз бұл мәселені жылдар бойы көтеріп келдік. Осы жылдың басында 2352 мектепте әжетхана сыртта еді. Қазіргі таңда мектептердің 99 пайызында бұл мәселе ретке келтірілді. Дегенмен әлі де монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептер бар», - деді Асхат Аймағамбетов.
Министр жауапты комитет мектептерді аралап шыққанын мәлім етті.
«Осы мәселелер комиссияның әрбір отырысында жеке қаралады. Осыны әріптестеріме ескерткім келеді. Бұл өте маңызды», - деді ол.