26 сәу, 2021 сағат 12:11

Әскерилердің көбі отандық вакцинаның шыққанын күтті – Ұлттық ұлан өкілі


Ұлттық ұлан әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров сарбаздар арасында вакциналаудың алғашқы кезеңі неге баяу жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бірінші жартыжылдықтың соңына қарай, шілдеге дейін әскери қызметшілерді вакциналауды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Көптеген әскери қызметші өзіміздің қазақстандық вакцинаны күтті. Сондықтан алғашқы кезеңде қалыс қалды. Отандық вакцина қазақстандықтарға егіле бастады. Денсаулық сақтау министрінің бүгін үлгі болып өзі вакцина қабылдауы ел ішінде оң әсер туғызады деп сенемін. Біздің әскерилер де отандық вакцина алады деп ойлаймын», - деді Савердин Имиров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, соңғы мәлімет бойынша, Ұлттық ұлан сапындағы 10 608 әскери қызметші коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның бірінші компонентін, 606 адам екінші компонентін қабылдаған.