14 ақп, 2024 сағат 20:19

Әскери журналистика тақырыбы өзекті ме?



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­те­тінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түйме­баев ардагер оқытушы, профессор, Құр­метті ғылым қызметкері, Ресей Жаратылыстану академиясының академигі Ләйла Ахметовамен кездесті.


Жүздесуде тараптар жур­на­листика саласындағы, со­ның ішінде әскери жур­на­листиканың түйткілді мә­се­лелерін талқылап, дамыту жолын қарастырды.


Кездесу барысында Ләй­ла Сейсембекқызы универ­си­тет ректоры Жансейіт Түй­ме­баевқа білікті жур­на­листерді даярлау бо­йынша оқу ордасында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.


Өз кезегінде ҚазҰУ бас­шы­сы университеттегі та­бан­ды еңбегі үшін және отан­дық әскери жур­налис­ти­каның дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін құрметті профессорға алғысын жет­кізді. Сондай-ақ өз сөзінде ректор Ләйла Ахметованы 70 жасқа толған мерей­тойы­мен құттықтады.


«Сіз отандық журналис­тика саласына бірнеше буын шәкірттерді тәрбиелеген өнегелі оқытушы, білікті ға­лым­сыз.
Университетіміздің ардагер ұстазы ретінде елу жылдан ас­там уақыттан бері қара ша­ңырақ ҚазҰУ-да жемісті еңбек етіп келесіз. Әскери жур­на­лис­тика сала­сын­да іргелі зерт­теулер жүр­гізіп, ғылыми-пуб­ли­цис­ти­калық мақалалар жа­­зып, мазмұнды моно­гра­фиялар шығардыңыз. Екінші дүние­жүзілік соғыс тарихына қа­тысты тың деректер жинап, қазақстандықтардың май­дан­дағы ерлігін паш еттіңіз. Бүгінге дейін қол жеткізген та­быстарыңыз халықаралық ғы­лыми қауымдастықта мойын­да­лып, беделді марапаттарға ие болдыңыз. Қазақстанның ең­бек сіңірген мәдениет қай­рат­кері, Құрметті ғылым қыз­мет­кері, Ресей Жаратылыстану ака­демиясының академигі, Еуразиялық телевизия және радио академиясының ака­де­мигі атандыңыз. Сіздің нәти­желі еңбектеріңіз бен жеткен жетіс­тіктеріңіз білім алушы жастарға үлгі-өнеге. Универ­си­тет өзіңіздей зерделі ғалым­да­рын мақтан тұтады», – деді ректор.


Жансейіт Түй­ме­баев ҚазҰУ-ға сіңірген ең­бегі үшін көрнекті ұстаз-ғалым Ләй­ла Сейсембекқызын «Әл-Фа­раби» Күміс медалімен ма­рапаттады.

 

 

Қарагөз СІМӘДІЛ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы