Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Достар! Бүгін менің "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясындағы соңғы жұмыс күнім. Осы уақыт аралығында жүзеге асқан барлық жобалар әріптестерім мен сіздердің әлеуметтік желі мен ақпарат саласындағы қолдауларыңыздың арқасы", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуірінде "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.
Ал "Қазавтожол" төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін екі жыл Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.