25 нау, 2019 сағат 20:19

Әсет Исекешов Елбасы қорына басшы болды

Әсет Исекешов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды" делінген хабарламада.

Айта кетсек, Әсет Исекешев 1971 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеген.

2003–2006 жылдары ҚР индустрия және сауда вице-министрі қызметін атқарған.

2006–2007 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары ретінде еңбек еткен.

2007–2008 жылдары — «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамыр аралығында — ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

2009 жылғы мамырдан бастап — ҚР индустрия және сауда министрі.

2010 жылдың наурызынан бастап — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап — ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қыркүйегінен бастап — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың 6 тамызынан бастап — инвестициялар және даму министрі.

2016 жылғы 21 маусымнан бастап — Астана қаласының әкімі.

2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарған болатын.