14 ақп, 2022 сағат 18:15

Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды


Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматыда дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.

2001-2003 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, Президент Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі болған.

2003-2007 жылдары Қаржы министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің кеңесшісі, премьер-министр кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2007-2008 жылдары - денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жылдары - "Қазтрансойл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.