26 қаң, 2018 сағат 12:17

Асанов әділетсіз сот шешімдеріне араласа алмайтынына өкініш білдірді

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов заңды қабылданғанымен әділ болмаған сот шешімі жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Біздің судья талап шегінде - шектеулі әрі бейтарап. Ол бейтарап болуға міндетті де. Өзіне тараптар берген құжаттарды тек қана бағалайды, болды. Қалай істеу қажеттігін біледі. Бірақ, айтуға құқы жоқ. Бұл сонда қандай процесс болғаны? Әрине, адамдарда көптеген сұрақ туындайды. Оларға біздің процессуалды заңнаманы егжей-тегжейлі түсіндіре алмайсың. Өйткені олар түсінбейді. Сейсенбі күні Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында болды. Судьялардың барлығы да процессуалды белсенділік беруді өтінеді. Олар былай дейді: «Адамдар алдында ұят. Өйткені біздің тілімізді түсінбей, формалистер деп айтады», - деді Жақып Асанов Қазақстан судьяларының кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, бұл мәселенің тағы бір қыры бар. Яғни, сот шешімі заңды болғанымен әділетсіз. Осы ретте Жоғарғы сот төрағасы нақты мысал да келтірді.

«Мен тырысып бақтым, алайда әріптестерім заңды бұзуыма жол бермей қойды. 10 жыл бұрын үш баласы бар әйелге 19 шаршы метрлік пәтер берілген. Ол жөндеу жұмыстарын жасап, 300 мың теңге коммуналдық шығынын төлеп, қоныстанған. Енді, ағымдағы жылы әкімдік оны шығарып жібермек болды. Міне осы кезде Жоғарғы сотта да біз оны қорғай алмаймыз. Неге екенін білесіздер ме? Себебі белсенділік танытуға құқығымыз жоқ. Сондықтан іске басқа талап, баса сот процесі қажет. Осынау тозақ шеңберін өзі жалғыз өтуі тиіс, ал біздің құқығымыз жоқ. Егер біз бірдеңе жасай бастасақ, онда бұл өкілеттікті асыра пайдалану болмақ», - деді Жақып Асанов