25 мау, 2019 сағат 09:30

Арыстағы жарылыс. Қаладағы үш қару-жарақ қоймасының екеуіндегі өрт сөндірілді

Бұл туралы Арыстағы арнайы штабтан тікелей эфирде қосылған ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады.

«Бүгінде қаладағы үш қойманың екеуіндегі өрт сөндірілді. Бір қойма әлі түтіндеп жатыр. Жарылыс қаупі сақталуда. Саперлер тобы түрлі аумақтарда жұмыс істеуде. Олырдың алдына екі міндет қойылды. Біріншісі қала тұрғындарын ертерек үйлеріне қайтару және темір жол қозғалысын іске қосу», - деді қорғаныс министрі. 

Бұдан басқа, ведомство басшысы қала көшелерінде снарядтардың әліде табылып жатқаны туралы айтты. 

«Арыс қаласының көшелерінің бірінде жарылмаған бірнеше снаряд табылды. Осы ретте қала тұрғындарынан үйлеріне қайтуға асықпауларын сұраймын. Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ қару жарақ қоймасының аумағына төтенше жағдай толығымен жойылмайынша кіруге болмайды. Алайда бүгіннен бастап әскерилер арнайы брондалған техникамен кіріп, аумақта инженерлік тазалау жұмыстарын бастайды. Дрондар ұшырылып, қаланы және оған жақын аймақтарды барлау жұмыстарына тартылуда. Бүгінде саперлер құрамын күшейтетін боламыз, мүмкін олардың саны 400-ге жеткізетін шығармыз», - деді Ермекбаев.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қалаға әлі қайтуға болмайтыны туралы айтқан болатын. 

Baq.kz