26 мау, 2019 сағат 09:15

Арыстағы жарылыс: Айдын Рахымбаев 100 үйді қайта қалпына келтіруге 100 млн теңге бөлді

Белгілі кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге қомақты қаржы бөлді, – деп хабарлайды ҰлтАқпарат.

Бұл туралы кәсіпкердің өзі Фейсбук парақшасында жазды.

«Біздің компанияның қызметкерлері де сол жерде, Арыс тұрғындарына көмектесіп жатыр. Біздің команда Түркістан және Шымкенттен құрлысқа қажетті материалдармен шығуға  дайын. 100 млн теңге бөлдік. Бұл қаржы кемі 100 үйді жөндеуге жетіп қалар деп ойлаймын. Егер қажет болып жатса, үстінен тағы қосамыз. Жерлестер өздеріңізге бекем болыңыздар, бәрі жақсы болады. Біз сіздермен біргеміз» деген ол жазбасында.

Сондай-ақ, Айдын Рахымбаев аталған жазбасында әскерилердің қалаға кіруге рұқсат бергенін күтіп отырғанын, рұқсат алса бірден үйлерді жөндеуге кірісетіндерін хабарлады.