05 шіл, 2019 сағат 13:55

Арыста тағы жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі инженер-саперлар қойманың дәл алдындағы аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан тазалап жүргенде бір оқ-дәрі жарылып, артынша өрт тұтанғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өртті әскери өрт сөндірушілер сөндірген. Құрбандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.

Жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері өз жұмыстарын аяқтамайынша, жергілікті тұрғындардың арсенал аумағына жақындауына тыйым салынғанын ескертеді.