25 мау, 2019 сағат 12:55

Арыс тұрғындарына өтемақы беріле ме?

Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету үшін бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат жұмсалатын болады, – деп хабарлайды ҰлтАқпарат.

Бүгін Орталық комуникациялар қызметіндегі баспасөз жиыны өтіп, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин арыстықтарға берілетін көмек туралы баяндады.

«Тұрғын үй құрылыстарының басым бөлігі сақтандырылмаған шығар. Сондықтан әрбір үйге, оны қайта қалпына келтіру көлеміне байланысты жеке-жеке шешім қабылданатын болады. Бұл үшін комиссия құрылды, бағалау жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Оның айтуынша, Арыста қалпына келтіру жұмыстарына бюджет қаражатынан тыс ақша да тартылады. Қазірдің өзінде көптеген бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік органдар, жеке компаниялар Арыстың зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін ақшалай қаражат аударып жатыр.

«Сол себепті қаржыландыру әртүрлі көздерден, оның ішінде бюджеттен тыс көздерден де жүргізіледі. Қаржыландыру көлемі бағалау комиссиясын байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстар қысқа мерзімнің ішінде аяқталуы тиіс. Әкімдіктер де барынша жұмыс істейді. Республикалық бюджеттен бөлінетін қажетіт қаржыландыру көлемі бойынша есеп ұсынылады», - деді ҚР ІІМ орынбасары.