18 шіл, 2019 сағат 17:29

Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Сәуле Айтпаева Президенттің Өкімімен қызметінен босатылды.

Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетін бітірген.

Еңбек жолы: Хабар телеарнасындағы күнделікті «Разминка» бағдарламасының тележүргізүшісі (1993 жылдан бастап); «Дәмді және тез», ары қарай «Жұлдызды меню» кулинарлық бағдарламаларының тележүргізушісі (1994-1999); «Еркемай» бүлдіршіндерге арналған ойын бағдарламасының тележүргізушісі (1994-2000); «Ел Арна» телеарнасындағы «Ана мектебі» танымдық бағдарламасының тележүргізушісі (2006 жылдан бастап); «Сабырлық, тек сабырлық» ток-шоуының тележүргізушісі (2010 жылдан бастап); «Бүлдіршіндерге Өмір сыйла» бағдарламасының жүргізушісі (2011 жылдан бастап).

2009 жылы «Мүгедектерге қамқорлық жасағаны үшін» аталымы бойынша «Алтын жүрек» («Золотое сердце») сыйлығына ұсынылған. «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты.