Фото: ortcom.kz
Amanat партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасының» кешенді жоспарын талқылады. Бұл ретте депутат Юлия Кучинская ресми статистикаға күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Статистикамызға қарасақ, біз түрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз. Жалақының орташа деңгейі - 340 мың теңге. Мысалы, мен бүгін халықтың басым бөлігі осындай жалақы алатынына қатты күмәнданамын. Шынында, халықтың көп бөлігі бұдан 3-4 есе аз алады", - деді Кучинская.
Парламентарий жұмыссыздықтың ресми деңгейіне де күмән келтірді.
"Бір қызығы, он жыл бойы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне ешқандай факторлар әсер етпейді: пандемия да, экономикалық дағдарыс та. Біздің жұмыссыздық деңгейіміз әрқашан 4-5 пайыз аралығында тұрақты. Біз елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы нақтылықты көрсететін статистикаға қашан сүйенетінімізді түсіндіре аламыз ба?" - деп сұрады депутат.
Кучинскаяның сұрағына Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов жауап беруге тырысты. Оның айтуынша, қазақстандықтардың жалақы деңгейін есептегенде олар орташа арифметикалық мәнді назарға алады, ал жалақы ауқымы іс жүзінде көп.
"Ең төменгі жалақыны, 70 мың теңгені кәсіпорын қызметкерлерінің шамамен 5-6 пайызы алады. Жоғарғы шекарада, яғни ең жоғары жалақы алатын 5 қызметкердің жалақысы 565 мың теңгеден және одан жоғары басталады. Айына миллион, екі миллион және одан да көп алатындар бар", - деді Шаймарданов.