«АрселорМиттал Теміртауда» тағы бір жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Кейін 6 қарашада кеніште тағы жұмысшының денесі табылғаны хабарланды.