12 қаң, 2023 сағат 14:33

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына кешенді тексеріс жүргізіледі

Фото: primeminister.kz

Үкіметте "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына кешенді тексеру жүргізу мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

12 қаңтарда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және оның кеңесшісі Биджу Наирмен кездесті.

Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Премьер-Министр «АрселорМиттал Теміртауға» кешенді аудит жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.