Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүгін «АрселорМиттал Теміртауда» болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Осы қайғалы оқиғаға қатысты көз жұмған жұмысшылардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын.
Шынында да, «Арселор Миттал Теміртаудың» жұмысы қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Бұл жағдай қаза болған жұмысшының жақындарымен қатар, бүкіл қазақстардықтарға да ауыр тиюде.
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда әр министрліктен 70-тен аса маман жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижелерін жақын күндері көреміз деп ойлаймын.
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшыларына қатысты қатал шешімдер қабылданады. Негізі бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме деген мәселе қаралатын болады», - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды.