Арнайы операция барысында атыс қаруын сататын қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
ҚР ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан.
"2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында қылмыстық топтың 6 қатысушысы ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 «Калашников» автоматы, 5 пистолет, 3 бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік патрон тәркіленді. Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана, сондай-ақ көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды. Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін компоненттер (селитра, жарылғыш дәрі және басқалары) алынды", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның шеңберінде тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайды.