16 қаң, 2023 сағат 14:33

Армян көліктерін тіркеу мәселесі шешіле ме - министрлік жауап берді

Фото: Kolesa.kz

ІІМ өкілі Қазақстанда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мәселесін шешуге уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

"Кейінгі уақытта кейбір сұрақтар туындап отыр. Біріншіден, бұл Армениядан әкелінген көліктерге қатысты. Кейінгі екі-үш жылда елде көптеген армян көлігі тіркелді. Бұл көліктер бойынша заңдастыру барысында осы мәселелер қаралып, толық шешіледі. Ішкі істер министрлігі бұл көліктерді Арменияда есептен шығару бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұл мәселе шешіледі деп ойлаймыз.

Екіншіден, Қазақстанға қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көліктер қазір бүкіл республика бойынша қолданылып жүр. Осы көліктер бойынша да жұмыс істеп жатырмыз", - деді брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.