#
#
Жексенбі 11/04/2021

Архимед Мұхамбетов 103 жастағы әжені 8 наурыз мерекесімен құттықтады

  • 07.03.2021
  • 0
  • 546

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Федоровский ауданына барған жұмыс сапары кезінде 103 жастағы тұрғын Ганимуруй Юлдашеваны мерекемен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" өңір басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Кеше сапар барысында 2020 жылдың 31 желтоқсанында 103 жасқа толған Федоровка ауылының тұрғыны Юлдашева Ганимуруй ханымды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтадым. Жеті баланы өсіріп, ғұмырын теміржолдағы жұмысқа арнаған Ганимуруй апай жасы ұлғайғанына қарамастан күш-қуаты тасып тұр, мереке алдында біздің құттықтауымызды қуана қабылдады», - деп атап өтті әкім өзінің постында.

Сондай-ақ әкім іссапар кезінде арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін Пешковский орталығына барды. 

«Жаңа монша-кір жуу кешенінің құрылыс жобасымен танысып, келушілерге азық-түлік алуға, оның ішінде ет, өсімдік майы, макарон және жарма, сондай-ақ кондитерлік өнімдер, шекер, жеміс-жидек пен көкөніс, сусын алуға арналған, жалпы сомасы 2 000 000 теңге болатын сертификаттар табыстадым», - делінген хабарламада. 

Архимед Мұхамбетов мұндай бастаманы басқа өңірлерде де жалғастыру туралы ұсыныс айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар