13 қаң, 2020 сағат 08:20

Арқалық политехникалық колледжінің директорына 7,8 млн теңге айыппұл салынды

«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді» делінген хабарламада.

6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен А.С. Оспанов бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 млн 864 мың 950 теңге сомасында айыппұл салынды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.