25 жел, 2024 сағат 15:08

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды


Фото: Kazinform

ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

Барлығы ТЖД, МӨПС, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жолаушылардың тізімі нақтыланып жатыр.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барғанын жазған болатынбыз.

Оқиғаның мән-жайы нақтыланады. Арнайы тергеу жүргізіледі.