29 жел, 2022 сағат 16:26

Антикор Сатыбалдыұлына қатысты тергеулер туралы сұраққа жауап берді

Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс бойынша басқа да эпизодтар тергеліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Сенат отырысында журналистер Сарқұловтан Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты басқа да тергеу жүріп жатыр ма деген сұрақ қойды.

"Иә, тергеу жүріп жатыр", - деп жауап берді ҚМА басшысының орынбасары.

Ол барлық қылмыстық істер Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.

"Ең маңызды қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, шешім шығарылды. Енді жұмыс одан әрі жүргізілетін болады.

Қылмыстық істердің барлығы Бас прокуратураның бақылауында. Біз тергеу құпиясы бар екенін түсінуіміз керек, біздің айтқан сөздеріміз тергеуге кедергі келтіруі мүмкін. Ең бастысы, жазықсыз адамдар жазаланбауы үшін, түрлі сұрақтар туындамауы үшін бәрінің заңнамалық негізі, дәлелді базасы бар, бәрі осыған байланысты", - деді ол журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.