17 шіл, 2024 сағат 10:55

Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Испанияда бас қосты

Фото: dimashnews.com

Мадридте қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Испанияның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Германия мен Швейцариядан да жанкүйерлер жиналды. Бұл Домбыра күніне орай испан мен қазақ мәдениетін біріктіретін маңызды іс-шара болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Kazinform-ға сілтеме жасап.

Мәртебелі қонақтардың қатарында Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің өкілдері, оның ішінде елші Данат Мұсаев, бірінші хатшы Қуаныш Әбпасов, Мәдениет және туризм басқармасының басшысы Райымбек Тоқтаубаев болды. Сондай-ақ, испандық жанкүйерлерге қазақ тілінен онлайн сабақ беріп жүрген профессор Санду Тоқтаубаева да қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. 

Фото: dimashnews.com

Домбыра күнін атап өту үшін Қазақстан Елшілігі концерт ұйымдастырып, онда балалар дәстүрлі аспапта әр түрлі туындылар орындады. Алинұр мен Әлихан Амангелді мен Дәулет Исмаиловтар өнерлерін паш етіп, қазақ музыкасының рухын жеткізіп, көрермендерді өнерлерімен баурап алды. 

Фото: dimashnews.com

Испаниядағы қазақ диаспорасының өкілі Гүлнара Гульча қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ауыз тигізіп және ұлттық киімдерімен таныстырды. 

Фото: dimashnews.com

Шараға Димашқа арналған туындыларын ұсынған фан-арт суретшісі Хосе Бусон; Baqytty Bala 2023 жеңімпазы Люсия Касани; және La Voz Kids 2023 финалисті Жален Али сынды арнайы қонақтар да қатысты. Жас әншілер ән орындап, әдемі кешті жандандырды. Ал, кештің соңында орындалған нөмір көрермендерді ерекше қуанышқа бөледі.

Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі тек музыка мерекесі ғана емес, мәдениеттер бірлігінің символына айналды.