22 қаң, 2021 сағат 09:43

Англиядағы су тасқыны: Екі мыңнан астам үйдің тұрғыны эвакуацияланды

«Кристоф» дауылынан туындаған Англия мен Уэльстегі су тасқыны салдарынан екі жүз мыңнан астам үйдің тұрғыны эвакуацияланды, деп хабарлайды ВВС.

«Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Мен мұндайды өмірімде көрген жоқпын», - деді Манчестер қаласы маңының тұрғыны Терри Шелдон. 

Терридің үйі Мерси өзенінен бірнеше метр қашықтықта орналасқан. Сәрсенбі күні кешке Кристоф дауылының салдарынан өзен арнасынан асқан.

Англия мен Уэльсте 200-ден астам су тасқыны туралы ескертулер жасалды, олардың бесеуі қауіпті, сонымен қатар жаңбыр мен қар туралы да хабарламалар бар.