16 жастағы Қарағанды тумасы Стелла Смит The CW арнасынан көрсетілетін DC комикстерінің кейіпкеріне негізделген «Қара найзағай» (Black Lightning) сериалына түсті, деп хабарлайды BaigeNews.kz.
Ол қазан айында басталған телехикаяының үшінші маусымында жасөспірім Грейстің рөлін ойнайды. Грейс болашақта өте қуатты күшке ие әйел болады. Фильмдегі Грейстің есейген кезін Шанталь Тьюи сомдайды.
Телехикая ержүрек «Қара найзағайдың» өмірі және отбасы туралы баяндайды.
Айта кетерлігі, бұл бойжеткеннің кинодағы алғашқы рөлі емес: бала кезінен ол жарнамаларға, фильмдерге түсе бастаған, оның алғашқы рөлі «Қыз бала мен оның зомбиі» (A girl and her zombie).
Стелла Смиттің өмірбаянында ол Black Lightning фильміндегі рөлі арқылы танымал азиялық-америкалық актриса болғандығы көрсетілген, сондай-ақ 2020 жылы ол кейіпкерін сомдаған Stargirl фильмі шығады.
Сонымен қатар жас актрисаның қоржынында Dekiru қысқа метражды және The Three Stones (2017), Pajama Warfare (2017), A Girl and Her Zombie (2016), Crimes and Mister Meanors (2015), Test Group (2015), Doritos: The Fundraiser II (2014),The Games That Children Play (2014), Headed South for Christmas (2013), Secured Tightly (2013) секілді фильмдердегі рөлдері бар.
Қарағандылық қыздың өгей ата-анасы Liberty мен Лаура Смит 2004 жылы оны асырап алғанан кейінгі күндерін ең бақытты сәттері деп есептейді.
Қазақстанда қыздың аты басқаша болған, Лаура мен Либерти қыздары актерлік жолды таңдайтынын сезгендей оны «Трамвайдың тілегі» атты туындыдағы кейіпкер Стелла Ковальскидің құрметіне солай атаған.
Стелла бала кезінен модель болып жұмыс істей бастады. Қыздың ата-анасы оған барынша көмектесті. Кішкентай кезінен әртістік қабілетін байқаған олар қыздарының актриса болсам дейтін арманын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін актерлік шеберлік курстарына оқытады.
Ал қыздарының алғашқы жұмыстарының бірі - Stevie B’s пиццериясының жарнамасының түсірілімі, сол кезде ол сегіз жаста болған.
Айта кетейік, оның суреті бар жарнамалық постерді 1996 жылдан бері өз бизнестерін жүргізіп келе жатқан Стивидің ағалары әлі күнге дейін қолданып келеді.
Американдық өзінің қазақстандық жерлестері Paradigm Talent Agency мен Cohen Entertainment агенттіктерімен келісімшартқа қол қойды.
Қыркүйек айында Стелла БАҚ пен көңіл көтеру индустриясы қызметкерлерінің ірі одағы SAG-AFTRA-ның мүшесі болды. SAG-AFTRA ұйымына 160 мың АҚШ-тың медиа және кино кәсібилері мүше.