Фото: Freepik
ТЖМ қызметкерлеріне Ресей Федерациясының азаматтары хабарласып, Талғар асуында болған кезде Богданович мұздығына қарай жалғыз кетіп қалған 16 - жастағы жасөспірімді жоғалтып алғандарын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен Алматы қ. құтқару қызметі дереу көмекке шықты. Қиын таулы аймаққа қарамастан құтқарушылар жедел түрде Талғар асуына көтеріліп, мұздыққа қарай жаяу бет алды.
Іздестіру операциясы барысында жасөспірім табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық және медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Тексерістен кейін құтқарушылар жасөспірімді ата-анасы күтіп тұрған асуға түсірді.