04 мау, 2021 сағат 20:28

Алматының Сайран көліне батып кеткен ер адам психикалық науқас болған


Алматы қалалық Полиция департаменті Сайран көліне батып кеткен ер адамға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Департамент ақпаратына сәйкес, оның жеке бас мәліметтері оқиға болған күннің ертеңінде анықталды. 

43 жастағы азамат Алматы облысының Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған.

Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйде болған. Басында ер адам қоғамдық көлікте қатты дауыстап ән салған, сол үшін автобустан түсірілген. Кейін көл жағасында ерсілі-қарсылы жүгіре бастаған.

«Бір мезетте суға секіріп, тыйым салынған аймаққа дейін жүзіп барған. Оның денесін бір тәуліктен соң құтқарушылар іздеп тапты. Өзімен бірге құжаттары болмаған. Жеке басы таңға жуық анықталды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Айта кетейік, ер адам бірінші маусымда қаза болды. Ол тыйым салынған белгілерге қарамастан Сайран көліне шомылуға кіріп, батып кеткен.