#
#
Бейсенбі 02/07/2020

Алматының «Сарыарқа» базарында атыс болды

  • 29.05.2020
  • 0
  • 188

Алматыда Алтынсарин мен Ұлықбек көшелерінің қиылысында орналасқан «Сарыарқа» базарында атыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала тұрғындары тапа тал түсте оқ атылғаны туралы әлеуметтік желіде жариялады. 

«27 мамырда тапа тал түсте «Сарыарқа» базарында атыс болды. Ол көлік тұрағы үшін болған жанжалдан туындаған сияқты», - делінген хабарламада. 

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 27 мамырда түскі сағат 13:00 шамасында болған. 

«102 нөміріне хабарлама түскен соң жедел тергеу тобы оқиға орнына аттанды. Базар күзетшісі, тұрақ төлемін қабылдайтын қызметкер мен сауда орындарын жалға алған саудагерлер тұрақ ақысына қатысты сөзге келіп қалған. Даудың арты жанжалға ұласып, оқ атылған», - деді ПД баспасөз қызметі. 

Полиция күдіктілерді бірден ұстаған. 

«Бұл деректі Әуезов аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеді. Газбен ататын тапанша тәркіленіп алынып, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соған сәйкес жарақат алған адамдардың денсаулығына келтірілген зиян дәрежесі анықталатын болады», -деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар