Фото: Алматы әкімдігі
Қалада жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында пилоттық жоба басталды. Көлік жүктемесі жоғары негізгі қиылыстарда көлік пен жүргіншілерге арналған бағдаршам жұмысы өзгертіліп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Өзгеріс енгізілетін қиылыстар:
- — Назарбаев даңғылы × Гоголь көшесі
- — Абылай хан даңғылы × Гоголь көшесі
- — Достық даңғылы × Абай даңғылы
- — Сейфуллин даңғылы × Мақатаев көшесі
- — Абай даңғылы × Алтынсарин даңғылы
Қазіргі таңда екі қиылыста жаңа тәртіп қолданысқа енгізілді. Қалған нысандарда өзгеріс 15 ақпанға дейін жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты – жүргіншілердің қауіпсіздігін күшейту, жол-көлік оқиғаларын азайту және көлік қозғалысының тиімділігін арттыру.
Жүргізушілер мен жүргіншілерден бағдаршам белгілеріне мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.
