#
#
Жексенбі 09/08/2020

Алматылықтар мен Қытай жастары жанжалы: полиция түсініктеме берді

  • 23.01.2020
  • 0
  • 773

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр. Үлкен кісілер олардың жолын бөгеп, наразылық білдіруде. Осыдан кейін бір жігіт айдаһардың басын сындырып кетеді. Оған қытайлық жастар ашуланып айғайлады. Осы кезде үлкендер төбелес шығармауға шақырады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға күні кеше Алматыдағы Жамбыл Жабаев және Мағазы Масанчи көшелерінің қиылысында болған.

"Қазіргі кезде Алматы қалалық полиция департаменті осы оқиғаның куәгерлері мен қатысушыларын анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Осының нәтижесінде Қазақстанның заңнамасына сай шаралар қолға алынады", - делінген ресми хабарламада.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар