Алматы қаласында бір тәулікте 1257 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 6 маусым күні 1 257 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 6 маусымы аралығында қалада барлығы 316 407 адам егілді. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан азаматтар – 30 821.
Бүгінде алматылықтар 4 вакцинаның бірін таңдай алады. Қалада «Спутник V»-ның – 22 040 доза, «QazVac»-тың – 815 доза, «Hayat-Vax»-тың 18 293 дозасы қолжетімді. Сондай-ақ 1 маусым күні Қытай елінен «CoronaVac» вакцинасының 500 мың дозасы жеткізілген болатын.
Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан..
