Алматылықтар ҚР Рәміздер күніне орай жаппай патриоттық акцияға үн қосуда, деп хабарлайды "ұлт ақпарат".
Қалада көпқабатты үйлердің балкон, терезелеріне Мемлекеттік ту іліне бастады.
Осылайша, жаңбырлы күнге қарамастан Алматы тұрғындары акцияға үн қосып, бір-біріне деген жүрекжарды тілектерін жеткізіп жатыр.
Олардың айтуынша, мұндай шара патриоттық сезімді оятып, елге, жерге деген құрметті арттырады.
