20 мам, 2021 сағат 17:03

Алматылық жедел жәрдем жүргізушілерінің шағымына директорлары жауап берді


Алматының жедел жәрдем қызметі жүргізушілердің шағымына жауап берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жедел жәрдем станциясында істейтін 20 шақты жүргізуші сәрсенбі күні «Халық паркі» алдына жиналып, наразылық білдіргені туралы жазылды. Олар үстемақының кешіктірілгеніне, көлікке қажет құралдар мен бөлшектерді өз қалтасынан ақша шығарып, сатып алатындығына шағымданды. Жұмысшылар сонымен бірге мәселені көтерген белсенділердің қудалауға ұшырай бастағанын да айтқан. 

«18 мамырда біздің бір жүргізушіге қатысты тәртіптік кеңес өтті. Оның нәтижелері бойынша еш себепсіз бес күн жұмыс орнында болмаған жүргізушіні жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Еңбек кодексіне сәйкес, директордың орынбасары, заңгер, сарапшы, кадр қызметінің маманы кіретін тәртіптік комиссиясы еңбек келісімшартын бұзу туралы шешім шығарды», - деп түсіндірді Жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Ербол Сәрсенбаев. 

Спикердің айтуынша, жүргізуші комиссия шешімімен келіспеген. Ал оның әріптестері, 20 адам әкімдікке шағымданған. Оларға жағдай толық түсіндірілді. Мәселе шешілді. Соңында олар кешірім сұрады. 

Сонымен қатар, ол көліктерді өз есебінен жөндеуге қатысты шағымдарға да жауап берді. 

«Мұндай жағдай ертеректе болған еді. Қазіргі уақытта мен күн сайын таңертең автожөндеу шеберханасы мен бас инженер ұсынған барлық есептерді, актілерді ұсына аламын. Осы анықтамаға сәйкес, барлық көліктер жөндеу шеберханаларында қысқа және ұзақ мерзімді жөндеуден өтеді. Қазір біздің көлік паркіміз жаңа. 2020 жылы 140 жаңа жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Олардың 100-і қазір іске қосылды. Қалған 40 көлік қыркүйектен бастап қызметте қолданылады. Алматы қаласының тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін 200 көліктен басқа, бізде резервтік көліктер бар. Кез келген көлік бұзылады, мұндай жағдайда жедел жәрдем бригадасы резервтегі көлікке отырады. Ал бұзылған көлік автожөндеу орындарына жіберіледі», - деді ол. 

Ербол Сәрсенбаев жүргізушілерге берілетін үстемеақы туралы да айтты. 

«Олар үстемеақыны алып отыр. Сондай-ақ, мамыр айында қала әкімдігі денсаулық сақтау министрлігінің қаулысында енгізілмеген қызметкерлерге қосымша қаражат бөлді, өйткені олар осы эпидемияға қарсы шараларға қатысты. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес эпидемиологиялық шараға қатысушылар үш санатқа бөлінді. Жүргізушілер үшінші санатқа, ал фельдшерлер мен дәрігерлер екінші санатқа жатады», - деді ол.